×

Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды
Fide

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын үшінші рет жеңіп алды. Дохада өткен финалда ол украиналық Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен ұтты. Шешуші жеңіс төртінші партияның 47-ші жүрісінде тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

21 жастағы тараздық спортшы бұған дейін 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанған еді. Осылайша, биылғы жеңісімен Бибісара Асаубаева үшінші мәрте блицтен әлем чемпионы болды. Рапид турнирі ол үшін сәтті болмағанымен, блицте қазақстандық шахматшы қарсыластарына мүмкіндік бермеді.

Әлем чемпиондығымен Бибисара Асаубаеваны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым», – делінген Президенттің құттықтауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →