Бұл – 26 жастағы қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең жоғары көрсеткіш
Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұл нәтижеге ол Australian Open–2026 турнирінің финалына шыққаннан кейін қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жартылай финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді. Турнирді әлемдік рейтингтің бесінші сатысынан бастаған қазақстандық спортшы жарыс барысында Аманда Анисимова мен Кори Гауффты басып озды.
Финалдың нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға тұрақтайды. Бұл – 26 жастағы қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.