×

Шавкат Рахмонов Алматыдағы бокс бәсекесіне балдақпен келді

Толық қалпына келу үшін уақыт қажет

Шавкат Рахмонов Алматыдағы бокс бәсекесіне балдақпен келді
Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Image

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC алаңына шықпауына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өзінің Х әлеуметтік желісінде аяғына ота жасатқанын, соған байланысты октагонға шығу мерзімі тағы да кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

– Жауынгердің жолы ешқашан оңай болған емес. Өмір бізге жеңе алмайтын қиындықтарды бермейді. Әрбір арманның өз құны бар, кейде ол денсаулыққа байланысты болады. Жарақатыма байланысты тағы бір операция жасауға тура келді. Толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Сондықтан октагонға оралуым кейінге қалдырылды, – деп жазды ол.

Шавкат Рахмонов бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын айтып, UFC белбеуін Қазақстанға әкелу мақсаты өзгермейтінін жазды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →