×

«Қайрат» футболшылары білім грантына ие болды

«Қайрат» футболшылары білім грантына ие болды
Қазақ спорт және туризм академиясы

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының бірнеше ойыншысына ректор грантын салтанатты жағдайда табыстады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арнайы өткен кездесуде грант сертификаттары қақпашы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа берілді. Академия басшылығы бұл бастама жас спортшыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатпен үндес екенін атап өтіп, олардың болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.

Оқу орны өкілдерінің айтуынша, спорт пен білімді қатар алып жүрген дарынды студенттерді қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл – талантты жастарды ынталандыруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ректор гранты «Қайрат» футбол клубының тағы бір ойыншысы Шерхан Қалмұрзаға да табысталған. Қазақ спорт және туризм академиясы дәстүрлі түрде білім мен спортты ұштастырып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге басымдық беріп келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті
Кеше, 00:21

Алматыда ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →