×

Тарихи жеңіс! Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның егемендік тарихындағы екінші қысқы Олимпиада алтыны!

Тарихи жеңіс! Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қысқа бағдарлама қорытындысында Шайдоров 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрды.

Ал еркін бағдарламада қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, жалпы есепте 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бұл бағдарламада ол бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады.

Осы нәтижесінің арқасында Михаил Шайдоров жеңіс тұғырының биігіне көтеріліп, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.

Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма иеленді – 280,06 ұпай. Шун Сато (Жапония) үздік үштікті түйіндеді – 274.90 ұпай.

Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына тарихында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Олимпиада ойындарында еліміз атынан алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінген спортшы – 1994 жылы алтын медаль алған шаңғышы Владимир Смирнов еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →