×

Олимпиадаға бір апта қалғанда ғана жаттықтым: Михаил Шайдоров Миланда қалай тарих жазды?

Олимпиадаға бір апта қалғанда ғана жаттықтым: Михаил Шайдоров Миланда қалай тарих жазды?
Сали Сабиров/ ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы Миланда өткен Олимпиада ойындарының басты сенсациясына айналды. Спортшы ерлер арасындағы жеке сайыста ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алып, аса күрделі еркін бағдарламасымен төрешілер мен көрермендерді тәнті етті. Спортшы 24.kz-ке берген сұхбатында Олимпиадада жеңіске жету физикалық әрі моральдық тұрғыдан қаншалықты қиынға соққанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Негізі бұл маусым мен үшін қыркүйек айында басталды. Ал дайындықты маусымнан бастап кеткенмін. Бұл мен үшін өте ауыр кезең болды. Жарыстарда көп қиындық кездесті, көп қателестім, өзімді жеңе алмадым. Олимпиадаға келгенде ғана еркін тыныстап, барымды салып өнер көрсете алатынымды түсіндім, – деді Михаил.

Жарыстың тартысы алғашқы күннен-ақ басталды. Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров басты фавориттердің қатарында болмады. Алайда оның бүкіл турнирге арналған нақты тактикалық жоспары бар еді.

– Негізгі бағдарлама – қысқа бағдарлама. Себебі осы кезеңде жеңіп кету мүмкін емес, бірақ жеңіліп қалуға болады. Қысқа бағдарламадан кейін еркін бағдарламада өзімнің неге қабілетті екенімді, неге дайындалғанымды көрсетуді мақсат еттім, – деп түсіндірді спортшы.

Еркін бағдарламада мәнерлеп сырғанаушы аса жоғары техникалық тәуекелге барып, ең күрделі элементтерді орындауға бел буды. Дәл осы батыл шешім медаль үшін бәсекеде шешуші рөл атқарды.

– Бұған дейін бірнеше рет сәтсіз шыққан элемент бұл жолы орындалады деп ойладым. Шынымды айтсам, бұл бағдарламаны Олимпиадаға бір апта қалғанда ғана толықтай жаттықтырдым. Өзіме толық сенімді болдым. Тәуекелдің ақталатынын білмедім, бірақ бәрі сәтті болатынына сендім, – деді чемпион.

Бағдарлама аяқталған сәтте көрермендер орындарынан тік тұрып қол соқты. Ал спортшының өзі жетістігінің ауқымын бірден түсіне қоймағанын айтты.

– Соңына дейін барымды салғанымды бірден сезінбедім. Өзімді толықтай арнадым. Спортшы үшін ең бастысы – өзін жеңу, – деп түйіндеді Михаил Шайдоров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр
Бүгін, 17:55

Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр

Шайдоров спорттық карьерасына Денис Теннің жеңістері әсер еткенін айтқан
Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты
Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →