×

«Арманым орындалуға жақын»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Президенттің құттықтауына қатысты пікір білдірді

«Арманым орындалуға жақын»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Президенттің құттықтауына қатысты пікір білдірді
Сали Сабиров

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Мемлекет басшысының құттықтауынан кейінгі әсерін бөлісті. Спортшы бұл сәтті өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі әрі спорттық жолының мойындалуы деп бағалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шайдоровтың айтуынша, осындай жоғары деңгейде құттықтау алу оның көптен бергі арманы болған. Ол болған жайтқа әлі күнге дейін сене алмай жүргенін жеткізді. Мәнерлеп сырғанаушы елдің қолдауы мен ықыласына зор алғысын білдірді.

– Эмоциямды сөзбен жеткізу қиын. Өмірімдегі ең басты армандарымның бірі – Президенттің қолынан марапат алу және бір күні Ақордаға бару еді. Бұл менің арманым болатын, енді ол орындалуға жақын. Мен өте бақыттымын, әлі күнге дейін Президенттің өзі құттықтағанына сене алмаймын. Бұл – ерекше сезім. Жарысты көріп, жанкүйер болғаны үшін Мемлекет басшысына үлкен рақмет, – деді Михаил Шайдоров.

Бұған дейін спортшы жарыс кезінде қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтып, жанкүйерлердің сенімі мен қолдауы оған қысымды еңсеріп, жоғары нәтиже көрсетуге көмектескенін атап өткен.

Олимпиададағы жеңіс Михаил Шайдоров үшін мансабындағы ең ірі жетістікке айналып, қазақстандық спорт тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →