×

Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартты

Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартты
Tang Xinyu/VCG via Getty Images

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламаны сәтті аяқтап, өзінің үздік көрсеткішін жаңартты. Спортшы барлық элементтерді таза орындап шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төрешілер Самоделкинаның өнеріне 68,47 балл берді. Қазіргі таңда ол 12-орында келе жатыр. Үздік үштікпен арадағы айырмашылық небәрі 8 баллдан сәл ғана асады, бұл еркін бағдарламада жоғары орындар үшін таласуға мүмкіндік береді.

Қысқа бағдарламадан кейінгі көшбасшылар:

  1. Ами Накаи (Жапония) — 78,71 балл;

  2. Каори Сакамото (Жапония) — 77,23 балл;

  3. Алиса Лю (АҚШ) — 76,59 балл.

Еркін бағдарлама 19 ақпан күні өтеді. Софья Самоделкина соңғының алдындағы топта өнер көрсетеді. Бұл мәнерлеп сырғанауда мықты спортшыларға берілетін мүмкіндік болып саналады.

Айта кетейік, Италиядағы бұл Олимпиада Қазақстан үшін жемісті болуда. Бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров тарихи алтын медальды жеңіп алған болатын. Ендігі кезек — Софьяда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →