×

«Мишаның жеңісінің арқасында Ақордада тұрмын»: Олимпиада чемпионының әкесі әрі бапкері президентпен кездесті

Ақордадағы кездесу отбасы мен бапкерліктің тарихи жеңіске жеткізгенін мойындаған сәт болды

«Мишаның жеңісінің арқасында Ақордада тұрмын»: Олимпиада чемпионының әкесі әрі бапкері президентпен кездесті
Фото: Ақорда

Бүгін Олимпиада чемпионының әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоров Ақордаға ұлы Михаилмен бірге Ақордаға келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бапкердің еңбегіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионының әкесі әрі бапкері Станиславтың шеберлігін ерекше атап өтті.

 «Станислав Александрович – мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әкесі, тұңғыш бапкері ретінде Михаилдың мұз айдынындағы алғашқы қадамын жасауға көмектесіп, өмірдің ең қиын сәттерінде әрдайым ұлының жанында болған адам. Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан Республикасының көк Туын әлемнің басты спорт аренасында желбіреткен осындай ұлды, отаншыл азаматты тәрбиелегеніңіз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамын», — деді Президент.

Ал «Құрмет» орденін алған бапкер Станислав Шайдоров қуанышын жасыра алмай, журналистерге берген сұхбатында ерекше әсер алғанын айтты. Ол ұлымен бірге жаттығу жасап, осы жолға алғаш түскен кездерді де есіне алды. 

«Мишаның жеңісінің арқасында Ақордада тұрғаныма қуанып тұрмын. Ерекше толқып тұрмын. Тіпті не істерімді білмеймін. Таңданысымда шек жоқ. Барынша сабырлы болуға тырысамын. Біз кішкентай Мишаны конькиге әкелдік, жарыстарға шыға бастадық. Ол сол жерде басқа ұлдармен жарысып, мінезі қалыптасты. Кейде оза алмағанда ренжіп, кейде ашуланып та қалатын. Спорттық мәнсабы басталды. Спортпен айналыссын, спорт оны тәртіпке үйретсін, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды үйренсін, өзін-өзі бақылауды білсін деп дем беру менің міндетім болды. Оның тәртіпке үйреніп өсіп, өз елінің патриоты болғанын қаладым», — деді Станислав Шайдоров.

Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров қысқы Олимпиадада алтын жүлдені ел қоржынына салған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →