×

Жәнібек Әлімханұлының ағзасына мельдоний қайдан түсті?

Жәнібек Әлімханұлының ағзасына мельдоний қайдан түсті?
X/ Janibek Alimkhanuly

Орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас боксшының ағзасында мельдонийдің қалай пайда болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл зат спорттық көрсеткішті жақсарту үшін емес, медициналық қажеттілікке байланысты қолданылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Климастың айтуынша, барлығы 2025 жылғы 7 мамырда Астанада өткен жекпе-жектен кейін басталған. Боксшының денсаулығы күрт нашарлап, қатты бас ауруы, жүрек айнуы және басының айналуы мазалаған. Клиникада дәрігерлер оған құрамында мельдоний бар «Рипронат» препаратын тағайындап, оны вена ішіне жіберген. Ол кезде Жәнібектің жақын арада жекпе-жектері жоспарланбаған және допинг-тест тапсыру міндеті болмаған.

Менеджер мельдонийдің ағзада 9 айға дейін сақталуы мүмкін екенін алға тартты. Дәл осы себепті желтоқсан айында, Эрисланди Ларамен жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда тапсырылған сынамадан тыйым салынған зат анықталған. Кейінірек «В» сынамасы да алғашқы нәтижені растады.

WBO ұйымы бұл жағдайды ескере отырып, Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық титулынан айырған жоқ. Дегенмен, ережеге сәйкес, оған 2026 жылдың желтоқсанына дейін шаршы алаңға шығуға тыйым салынды. Боксшының командасы бұл заттың ағзаға қасақана қабылданбағанын және тек емдеу мақсатында қолданылғанын тағы да қадап айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →