×

«Сыналдық, бірақ сынбадық»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

«Сыналдық, бірақ сынбадық»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Instagram/ janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшының айтуынша, қабылданған шешімдерге қарамастан, ол WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сақтап отыр.

«Сыналдық, бірақ сынбадық! Керісінше, шыңдалдық! Шешімдер шықты, IBF кетті, WBO қалды. Қалай болғанда да қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын. Аллаға шүкір! Бұйыртса 8 айдан соң рингке шығамын. Үлкен жорық жалғасады», – деп жазды боксшы.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста кейбіреулер үшін спорт бизнеске айналғанын айтып, өзі спорттық бағытты ұстанатынын атап өтті.

«Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес. Біз спорт жағындамыз, қазақылық бағытындамыз», – деді ол.

Сондай-ақ спортшы допинг қолдануға қарсы екенін тағы да қайталап, жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Мен допингке қарсымын! Мұны бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын. Ең бастысы – ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді біледі. Біз әлі әлем чемпионымыз, алда талай жекпе-жек бар», – деді Әлімханұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белдігін бос деп жариялаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →