×

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанбақ

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанбақ
WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің ширек финалында америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді. 1 сағат 30 минутқа созылған кездесу 6:1, 7:6 (7:4) есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жартылай финалға жолдама алу Рыбакинаға рейтингте Ига Швёнтекті басып озуға мүмкіндік берді. Енді финалға шығу үшін ол украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады. Бұл жеңістің нәтижесінде қазақстандық спортшы өз мансабында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанады.

Спортшының биылғы маусымдағы басты мақсаты — әлемнің бірінші ракеткасы атану. Осы мақсатқа жету және дайындықты күшейту үшін Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының матчтарына қатыспау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінде тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сынның финалына шығып, жоғары нәтиже көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →