×

Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады

Президент споршыға  жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі

Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады
Фото: Мейiржан Амангелдиев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық. 

Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →