×

Танымал қазақ боксшылары өз таңдауларын жасады

Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ

Танымал қазақ боксшылары өз таңдауларын жасады
Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ. Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.

Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.

Боксшылардың арасында атақты әлем чемпиондары ағайынды Сабырхандар мен Оралбайлар және үш дүркін әлем және Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Стадион UEFA IV санатына сай салынып, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік бермек
Жас спортшылардың дайындығы мен техникалық деңгейі жоғары болды
Президент споршыға  жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →