×

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Ақпанның басында орынбасарымен болған төбелестен кейін қызметінен кеткен

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: instagram/serik_sapiyev

Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады.

Еске сала кетейік, Серік Сәпиев ақпанның басында орынбасарымен болған төбелестен кейін қызметінен кеткен. Ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған. Қызметінен кеткеннен кейін Серік Сәпиев көп ұзамай ақ туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вэл Баркер Кубогінің иегері.

2017-2019 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды
Кеше, 15:28

Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды

Дзюдошы неке сақинасы мен қызыл раушанның гүлшоғын көрсетті
Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →