Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты. Отандасымыз финалға шығар тұста әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенкодан басым түсе алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Екі сетке созылған тартысты бәсеке 4:6, 3:6 есебімен аяқталды. Бұл қос теннисшінің өзара 17-ші ресми кездесуі болды. Осы жеңістен кейін Соболенко жеке текетірестегі басымдығын арттырып, есепті 10:7-ге жеткізді. Рыбакина ойын барысында жақсы қарсылық көрсеткенімен, қарсыласының жойқын соққылары мен шешуші сәттердегі дәлдігі шешуші рөл атқарды.
Турнирдің екінші жартылай финалында америкалық Кори Гауфф чехиялық Каролина Мухованы айқын басымдықпен (6:1, 6:1) жеңді. Осылайша, Miami Open финалында Гауфф пен Соболенко бас жүлдені сарапқа салады.
Майамидегі сәтті өнерінен кейін Кори Гауфф WTA рейтингінде польшалық Ига Швёнтекті ығыстырып, үшінші орынға көтеріледі. Ал Елена Рыбакина турнирдегі жетістігі үшін қомақты рейтингтік ұпайлар мен жүлде қорын иеленіп, әлемдік рейтингтегі екінші сатысын сақтап қалды.