×

«Жеңіл ақша жоқ»: Еркебұлан Тоқтар бәс тіккен жанкүйерлеріне шүйлікті

«Жеңіл ақша жоқ»: Еркебұлан Тоқтар бәс тіккен жанкүйерлеріне шүйлікті

Қазақстандық боксшы, актёр Еркебұлан Тоқтар өзінің сайысына бәс тігіп, жеңіліп қалған жанкүйерлеріне шүйлікті. Ол бәс тіккен адамдардың лудоман болғанына өздерінің кінәлі екенін еске салды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Еркебұлан Тоқтар әуелі өздерінің сайысына үлкен қаражаттың тігілмейтінін айтты. 

«Маған: «Бәрін тығырыққа тіреп, демалыс қалай болып жатыр, інім?» дейді. Менің жеңісіме бәс тіккен ғой. Сөйтіп ұтылып қалған. Миллион, миллиардтап тікпеген. Сондағысы 1-2 мың-ақ теңге. Бізде одан артық тігілмейді. Соны маған әңгіме қылып айтып отыр. Лудоман мырзалар, (кеше де бір-екі хаттарды көзім шалып қалған) жалпы айтайын, лудоман болғандарың — менің проблемам емес. Ол сендердің проблемаларың. Ол проблемадан сендерді мен алып шықпаймын. Сол проблемадан өмір өзі алып шығады», — деді Еркебұлан Тоқтар.

Ол бұрын бәс тігіп, лудоманияға шалдыққан кездері болғанын да тілге тиек етті. Сонымен қатар бәс тіккендердің жеңіл ақша тапқысы келетінін және ақшаның қиындықпен табылатынын айтты. 

«Менің басымнан өткен. Сендердің көретіндерің алда. Сендер әлі тігесіңдер. ПСЖ, Реал Мадрид, Барселона сияқты командаларға үлкен-үлкен қаражат тігіп, түксіз қалған күні көресіңдер. «Бекер тігіппін. Осыны қоямын енді жоламаймын» деген түсінік келеді бір күні. Сол кезде «жеңіл ақша табамын» деген саусақтарыңды, нәпсілеріңді тыясыңдар. Жеңіл ақша жоқ. Ақша қиын табылады. Сосын лудоман болғандарыңды мемлекеттен, букмекерлік кеңселерден, Лигалардан, спортшылардан көрудің қажеті жоқ. Лудоман болғандарың — ол сендердің өздеріңнің кінәларың. Жеңіл ақша тапқыларың келеді», — деді Еркебұлан Тоқтар.

Еске сала кетсек, бұған дейін жекпе-жекте Еркебұлан қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлынан жеңілген еді. Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды 11 жеңіс, 3 жеңіліс болып тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →