×

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында жеке-дара көш бастады

Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында жеке-дара көш бастады
olympic.kz

Моңғолия астанасында World Boxing нұсқасы бойынша өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеке-дара көш бастап, құрлықтың ең үздік командасы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға табан тіреді.

Турнир қорытындысы бойынша төрт боксшымыз Азия чемпионы атанды. Атап айтқанда, Оразбек Асылқұлов (60 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және ағайынды Оралбайлар – Нұрбек (85 кг) пен Айбек (+90 кг) алтын тұғырдан көрінді. Сонымен қатар Төрехан Сабырхан (70 кг) күміс жүлдені иеленсе, тағы үш спортшымыз қола медалды місе тұтты.

Бұл додада Қазақстан құрамасы өзінің басты қарсыласы Өзбекстанды басып озды. Өзбек боксшылары 3 алтынмен екінші орынға жайғасса, үздік бестікті Үндістан, Жапония және Иордания құрамалары түйіндеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды
Кеше, 22:26

Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды

Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор
Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →