×

Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымы ашылды

Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымы ашылды
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Астанада «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымының салтанатты ашылуы өтті. Спорттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы жүгіруді Ботаникалық саябақтан бастап, 4 шақырым қашықтықты бағындырды. Жарыс бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталды.

“Бүгін ауа райы салқын болғанымен, көңіл-күйіміз өте жақсы. Қаншама әуесқой спортшылар жиналды. Мұндай марафондарға жылына бірнеше рет қатысамын. Биыл қатысу тегін болды. Салауатты өмір салтын ұстанатын барлық қатысушыларға және жеңімпаздарға алғыс айтамын”, – дейді жарысқа қатысушылардың бірі Салтанат Мейрамқызы. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы. Алдағы уақытта мұндай бұқаралық спорттық іс-шаралар жалғасын табады.

Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Әсербайдың айтуынша, жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталып, түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Айта кетейік, «Esil RUN» жобасы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорт басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара барысында қауіпсіздік шаралары толық сақталып, жедел медициналық жәрдем қызметі мен тәртіп сақшылары кезекшілік атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында жеке-дара көш бастады
Кеше, 15:59

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында жеке-дара көш бастады

Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі
Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор
Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →