×

Бокстан әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты

Боксшы елге қайтарылған

Бокстан әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты
Ашық дереккөздерден

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы (60 келі) Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында болды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшы еліне қайтарылған, ол оқу-жаттығу жиынында жоқ.

"Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында", - деді бас бапкер.

Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданғаны дәлелденсе, төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →