Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев келесі айналымға шықты
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. Ол Конго өкілі – Натан Нланду Мбелидің 1/16 финалында сан соқтырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жектің үш раунд бойында да үстемдік еткен боксшымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жекпе-жек төрешісі Африка өкілінің нокдаунға түсуіне байланысты үш рет есеп ашты. Үшіншісінде судья ойынды тоқтатып, нокаут тіркеді.
Осылайша, бұл жеңіс әлем чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың үшіншісі болды. Бір күн бұрын Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Айбек Оралбай (92) өз жанкүйерлерін қуантқан болатын.
Сағындық Тоғамбайдың жетістігінен кейін, 2 мамырда біздің жаттықтырушылар кешкі сессияда рингке шығатын тағы бір қазақстандық Санатәлі Төлтаевтан (63,5 кг) жеңіс күтеді. Оның қарсыласы Израиль боксшысы - Ахмад Штиви.
Одан кейін шаршы алаңға 63,5 кг салмақ дәрежесіндегі Санатәлі Төлтаев шықты. Боксшы 1/32 финалдағы алғашқы жекпе-жегін Израильдің спортшысы Ахмад Штивиге қарсы өткізді. Бұл айқаста Санатәлі ұпай бойынша жеңіске жетті.
Кеше Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг) қарсыластарынан басым түсіп, келесі айналымға жолдама алған болатын.