×

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

Бибісара блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді
Ашық дереккөздерден

19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтегі позициясының артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Соңғы турнирлерді есептей келе, мен блиц бойынша әлемнің ең үздік шахматшылары арасында үздік бестікке ендім», - деп жазды Асаубаева Instagram парақшасында.

Еске салайық, Бибісара блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Жақында Нью-Делиде (Үндістан) өткен Гран-приде Асаубаева үздік үштікке еніп, Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы матчта әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі ФИДЕ рейтингінің әйелдер арасындағы көшбасшысы, қытайлық Хоу Йифанды сенсациялық түрде ұтып кетті.

Бибісара артынша шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанғанын жариялады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →