×

ММА-2023: Ахметов қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Ал Жұмағұлов тағы да ойыннан шет қалды

ММА-2023: Ахметов қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді
baq.kz

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Брумфилдте (АҚШ) өткен One Fighting чемпионатында қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Тағы бір отандасымыз Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі кілт тоқтатылып, ол UFC октагонына шықпай қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы Қайрат Ахметов австралиялық Рис Макларенмен (16-8) бақ сынап, төрешілердің бірауыз шешімімен бұл жекпе-жекте отандасымыз жеңіске жетті. Ол өзінің мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізді, екі жеңілісті қоса алғанда оның 8-і One FC лигасы шеңберінде өтіпті. Сондай-ақ, Ахметовтың Макларенді жер жастандыруы атақты промоушенда қатарынан болған алтыншы жеңісі екенін баса атап өткен жөн. Осылайша Қайрат титулды жекпе-жекке басты үміткерлердің біріне айналып отыр.  

Қайрат Ахметов One FC чемпионы атағын бұған дейін иеленгенін айта кеткен жөн.

"Денвер сапарына сәттілік тілеймін. Мансабындағы 30-шы жеңісі, қатарынан болған алтыншы жеңіс, үздік бестікте оның жеңбеген қарсыласы қалмады. Қайрат Ахметов - қай ұйым шеңберінде өнер көрсететініне қарамастан өз салмағындағы әлемдегі ең үздіктердің бірі. Келесісі – атақ үшін тайталас", – дейді Қайрат Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахманов.

Өкінішке қарай, біздің тағы бір спортшымыз Жалғас Жұмағұловтың UFC туының астындағы жетінші жекпе-жегі тоқтатылды, ол тағы да қарсыласын күтумен болды. Fighting мәліметінше, UFC 288 турнирінен Жұмағұлов шет қалдырылады, өйткені оның бразилиялық қарсыласы салмағына байланысты жекпе-жекке жіберілмеді. Осыған дейін жеңіліп көрмеген Эстевам Жалғаспен қайтадан жекпе-жекке шығады ма әлде басқа спортшыны табады ма, ол жағы, әзірге белгісіз.

Бастапқыда Жалғастың қарсыласы жарақатына байланысты ойыннан шеттеген америкалық Нейт Менесс болған еді, одан кейін оның орнын бразилиялық Эстевам басқан болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →