×

"Бибосынов жекпе-жегінің дауы". Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

Халықаралық бокс федерациясының ресми мәлімдемесін күтеміз.

"Бибосынов жекпе-жегінің дауы". Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының Президенті Умар Кремлёвқа ресми шағым жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді.

"Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) Президенті Умар Кремлёвтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми шағым жолдады. Біз IBA басшылығынан жауап күтеміз. Өкінішке қарай, қазіргі ережелерге сәйкес наразылық білдіруге (апелляцияға) рұқсат етілмейді. Оның орнына судьялардың шешімін қайта қарау процедурасы ұсынылады: егер жекпе-жек 3:2 немесе 2:3 есебімен аяқталса. Басқа жағдайларда шешімді қайта қарау деген жоқ", – деп түсіндірді Қазақстан бокс федерациясынан.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады.

Халықаралық бокс федерациясының ресми мәлімдемесін күтеміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Кеше, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →