×

Танымал спорт маманы Бибосыновтың жекпе-жегі туралы: Тең ойын, негізі...

Жеңісті біздің боксшыға да, сол секілді үндіге де беруге болады

Танымал спорт маманы Бибосыновтың жекпе-жегі туралы: Тең ойын, негізі...
Ашық дереккөздерден

Бокстан Марокко ұлттық құрамасын жаттықтырушы қазақстандық Ерік Алғабек Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсеткен жерлесіміз Сәкен Бибосыновқа қатысты төрешілердің даулы шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, 7 мамырда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады. Төрешілердің бұл даулы шешіміне қатысты Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым жолдады.

Осы жайтқа қатысты бокстан Марокко ұлттық құрамасын жаттықтырушы қазақстандық Ерік Алғабек өз пікірін білдірді. 

"Тең ойын, негізі. Жеңісті біздің боксшыға да, сол секілді үндіге де беруге болады. Біздің тараптың шағым жолдағанын естідім. Бірақ, менің ойымша, мұндай жекпе-жектер қарастырылмайды", - дейді белгілі маман.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
21.03.2026ж. 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →