×

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін үш боксшымыз жұдырықтасады

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін бірнеше спортшымыз шаршы алаңға шығады

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін үш боксшымыз жұдырықтасады
Қазақстан бокс федерациясы

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 8 мамырда ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингінде Махмуд Сабырхан (54 келі) алғашқы болып венгриялық Иштван Сакоймен кездеседі.

Ал, 19:00-ге белгіленген кешкі сессияда Б рингінде екінші жекпе-жекте Санжар Ташкенбай (48 келі) өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, А рингінде оныншы жұпта Сағындык Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен шаршы алаңға шығады.

Қазірге дейін ел құрамасынан төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →