×

"Реал" клубы жазда Мбаппені тағы да өздеріне "тартып" көрмекші

Испандықтар французды негізгі ойыншы етіп тағайындап, оның айналасында команда құруға ниетті.

"Реал" клубы жазда Мбаппені тағы да өздеріне "тартып" көрмекші
Instagram/k.mbappe

"Реал" алдағы трансферде ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе үшін таласуға дайын, деп хабарлайды Qaz365.kz.

The Telegraph-тың хабарлауынша, Мадрид клубы "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингеммен бірге ПСЖ форвардымен келісімшартқа отыруға ниетті. Жазғы трансфер кезінде екі ойыншы да өз келісімін беріп, клубқа ауысатын болса, онда "Реал" рекордтық шығындарға ұрынатын болады. 

Мадридтік клуб Лионель Месси мен Неймардың кетуінен кейін ПСЖ-да туындаған дүдамал кезеңді пайдалануға тырысады. Сондай-ақ, клуб Мбаппенің жанкүйерлерге арналған ролигіне байланысты дауды да пайдалануға ниетті. Ол түсірілімге тек Мбаппе ғана қатысқан. "Париждіктер" басқа жұлдызды ойыншыларды шақырмай қойған еді. 

Испандықтар французды негізгі ойыншы етіп тағайындап, оның айналасында команда құруға ниетті.

Өткен жылдың мамыр айында Мбаппенің 2025 жылға дейін "ПСЖ"-мен жаңа келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Бұған дейін футболшының мадридтік "Реалмен" келісімге қол қойғаны хабарланған болатын. Алайда одан соң ешкім ешқайда ауысқан жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →