×

Хоккейден әлем чемпионатында жанкүйерлер 800 шаршы метрлік туды жайды

Бүгін Қазақстан құрамасы Чехия командасымен ойнайды.

Хоккейден әлем чемпионатында жанкүйерлер 800 шаршы метрлік туды жайды
diapazon.kz

Қазақстандық жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында Ригада өтіп жатқан хоккейден ӘЧ-2023-те үлкен туды жайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін, яғни, 14 мамырда, Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Чехия командасымен ойнайды. Матчты тікелей эфирден «Qazsport» арнасы Астана уақытымен 23:20-да көрсетеді.
Жанкүйерлер команданы қолдауға келіп, өздерімен бірге 800 шаршы метрлік Қазақстан туын әкелген.

«Қазақстан – әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Мәдениеті де бай. Біз мультимәдениетті елміз және оны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Өзіміздегі Қазақстанның ең үлкен туын жайып, ұлттық құрама мен оның жанкүйерлерін қолдамақшымыз», - деді ұйымдастырушы Думан Қожахмет.

Сенбіде Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матч өткізіп, Норвегияны жеңді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті
Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.
Ол тек Олимпиада чемпионы Лю Хуаньхуадан ұтылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →