×

Екінші алтын: Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын нокдаунмен жеңді

Финалда Қазақстан – Өзбекстан текетіресінде есеп теңесті - 1:1.

Екінші алтын: Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын нокдаунмен жеңді
Ашық дереккөздерден

Өзбекстан астанасы Ташкенте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан 54 келіде топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол финалда жергілікті өзбек боксшысы Ойбек Жураевты екі рет нокдаунға түсіріп, еш мүмкіндік берместен ұтты. 

ВИДЕО: https://t.me/qaz365kz/5266

Махмұд екі жыл бұрын Белградта өткен жаһандық доданың күміс жүлдегері атанған еді.  

Осылайша,  финалда Қазақстан – Өзбекстан текетіресінде есеп теңесті. 1:1. Бұған дейін 67 келідегі Дулат Бекбауов Асахуджа Муйдинходжаевқа есе жіберді. 
 
Қазақстан құрамасында екі алтын бар. Кеше 48 келіде Санжар Тәшкенбай топ жарды.

Енді Асланбек Шымбергенов (71 келі) те Саиджамшид Джафаровпен, Нұрбек Оралбай (80 келі) Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
Кеше, 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →