×

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Чехияға есе жіберді

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 мамырда Швейцарияға қарсы өткізеді.

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Чехияға есе жіберді
Ашық дереккөздерден

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында 14 мамырда, Қазақстан құрамасы Чехияға есе жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Чехиялық құрама әлемде жоғары бағаланады. Жылма-жыл үздіктер қатарынан көрініп келеді. Былтыр қола жүлде алған құрама алты мәрте чемпион атанса, бір мәрте екінші орынға жайғасты.

Сондықтан бүгінгі кездесу қазақстандық хоккейшілер үшін оңайға соқпайтыны белгілі еді. Десе де, оған қарамастан, ел құрамасы жинақы ойын көрсете білді.

Ойынның бірінші кезеңінде чехиялық құрамадан Якуб Зборжил 8, Доминик Кубалик 15-минутта екі шайба соғып кетті. Оған Максим Мухаметов 31-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде чехиялық құрама басымдығын арттыра түсті. Нәтижесінде олардың қатарынан Лукаш Седлак 41, Ян Коштялек 45, Доминик Кубалик 58-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 мамырда Швейцарияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы буллитен Норвегияны 4:3 есебімен жеңіп кеткен еді.

Құрамалар сынға түсетін В тобында 14 мамырда Канада Словенияны 5:2 есебімен жеңсе, Швейцария Норвегиядан 3:0 есебімен басым түсті.

Ал А тобында 14 мамырда АҚШ құрамасы Венгрияны 7:1, Дания овертаймда Францияны 4:3, Швеция Австрияны 5:0 есебімен тізе бүктірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
21.03.2026ж. 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →