×

«Қазақстан барысындағы» түсініксіз жағдай: Жетісу жеңімпазға 7 млн, ШҚО 100 мың теңге берген

Республикалық жобаның іріктеу кезеңдері өтіп жатыр

«Қазақстан барысындағы» түсініксіз жағдай: Жетісу жеңімпазға 7 млн, ШҚО 100 мың теңге берген
Коллаж: Qaz365.kz

Бұл күндері қазақ күресінен еліміздің 17 облысы мен 3 маңызы бар республикалық қаласында «Қазақстан барысы» республикалық жобасының іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Бір қызығы, әрбір өңірде жеңімпазға берілетін сыйақының көлемі әр алуан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мысалы, Шығыс Қазақстанда жеңімпаз Саят Шәмшиевке 100 мың теңге берген. Қарағанды облысында жеңімпаз 500 мың теңге алған.

Ал ең қызығы, екіге бөлінген Алматы облысы мен Жетісу облысында болып тұр. Дәл осы екі өңірдің спорт басқармасының басшылары – бұрынғы балуандар. Алматы облысындағы спортты грек-рим күресінен Бейжің

Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев басқарып отыр. Ол жеңімпазға 5 миллион теңге сыйақы үлестірген. Екінші орынға 1 миллион, үшінші орынға 500 мың теңге берген.

Көршілес Жетісу облысында Руслан Әбдіразақов топ жарды. Руслан осы жеңісі үшін 7 миллион теңге сыйақыға ие болса, екінші орын алған спортшыға 1 миллион, үшінші орынға 500 мың теңге берілген.  Жеңімпаздан  екінші орынның жүлдесі 7 есеге аз. 

Бір айта кетерлігі, Жетісу облысының спорт басқармасын алғашқы «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұл басқарады. Ол – облыстық іріктеудің жеңімпазы Руслан Әбдіразақовтың туған ағасы.

Бұл мәселені әлеуметтік желіде спорт журналистері талқылап жатыр. Мысалы, Аслан Қаженов халықты бұлай алдауға болмайды деп отыр.

«Елдің көзі ашық. Бәрін байқап отыр, бәрін бақылап отыр. Оп-оңай ауызын ұра салам дегендер қателеседі. Мынадай бассыздықты тез арада тоқтату керек. Аймақтағы әкімдік пен олардың басқармалары өзін құдай санап, ойға келгенін жасамасын. Халықтың қызметкері екендерін ұмытпасын. Ал әлгі сыйақыға қатысты арнайы аудит жасалып, тыңғылықты тексеріс жүргізу керек», - дейді ол. 

Айта кетейік,«Қазақстан барысының» аймақтық іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткенде Астанада республикалық жарыста бақ сынайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері жаттықтырған еді
Жыл сайын 9 қыркүйек «тоғызқұмалақ күні» ретінде белгіленіп, аталып өтілмекші

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →