Ол ұлыбританиялық Кэти Бултермен бақ сынасты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисшінің үшінші айналымдағы қарсыласы Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултер болды.
Ойын барысында бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға шықты. Одан кейін тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.
Елена екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.
Нәтижесінде қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түседі.