×

Әлем чемпионатында рекорд тіркелді

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында кезекті рекорд тіркелді

Әлем чемпионатында рекорд тіркелді

Нидерланд-Аргентина арасындағы матчта бас төреші Антонио Матеу Лаос 120 минуттың ішінде 15 сары қағаз көрсеткен, деп хабарлайды qaz365.kz

Осылайша, кездесу көп ескерту жасалған матч ретінде тарихта қалып отыр.

Бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде болған еді. Сонда Камерун-Германия кездесуінде 12 сары және 2 қызыл қағаз тіркелген болатын.

Айта кетейік, Нидерланд-Аргентина арасындағы матчтың жеңімпазы пенальти сериясында анықталып, Лионель Месси бастаған құрама жартылай финалға жолдама алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →