×

Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы алғашқы голын соқты

«Бешикташ» бұл ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті

Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы алғашқы голын соқты
Instagram/Beşiktaş

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» командасы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бешикташ» Конференция лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында Украинаның «Динамо» клубымен кездесті. Матч Бухаресттегі (Румыния) 
«Джулешти» стадионында өтті.

Бактиер Зайнутдинов алаңға екінші тайм барысында Артур Масуакуды алмастырып шықты. Дебют сәтті болды. Отандасымыз 95-минутта жеңіс голын соқты.

«Бешикташ» бұл ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зайнутдиновтің Түркия клубымен келісімшарты 2027 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. «Бешикташ» ЦСКА-ға 4,5 млн еуро төледі. Оның жалақысы бір маусымда шамамен 1,2 млн еуроны құрайды.
Қазақстандық футболшы 2020 жылдан бері Мәскеудің ЦСКА клубында ойнады. Үш жылда ЦСКА үшін 83 матч өткізіп, 7 гол соқты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды
Ол қазақстандық журналист берген сұхбатында сыйлықтардан бас тартқанын айтты
12 қыркүйекте қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен қырғыз спортшыларынан басым түскен болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →