×

Қорғаушы Еркін Тапалов: Бұл – менің қателігім

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндия құрамасынан жеңілді

Қорғаушы Еркін Тапалов: Бұл – менің қателігім
PROSPORTS.KZ

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндия құрамасынан жеңілді. Матчтан кейін журналистердің сұрағынан жауап берген Еркін Тапалов өз қателігін мойындап, жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Еркін Тапалов, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы:

– Бұл топтағы бірінші орынға талас болатын. Қазақстан футболшыларының мүмкіндігі болды. Бірақ жеңіске жете алмадық...  Біріншіден, біз өз мүмкіндігімізді соға алмадық. Қорғаныста бір қателік кетті. Оны қарсылас тиімді пайдаланды. Мұнандай атмосферада алаңға шығу ерекше шабыт береді. Жанкүйерлерге алғысым шексіз. 

– Жалғыз гол сіздің қапталдан кірді. Қалай көрмей қалдыңыз?

– Иә, қиып берді. Біз Марат Быстров екеуіміз бір-бірімізді түсінбей қалдық. Бұл менің қателігім деп ойлаймын. Сол үшін кешірім сұраймын.

– Лев Скворцовтың орнына алаңға шықтыңыз. Тактика өзгерді ме? Әлде бас бапкер Левтің жұмысын жалғастыруды тапсырды ма?

– Аса қатты ештеңе өзгерген жоқ. Бірақ көбінесе алдыңғы шепте ойнауды тапсырды. Бәлкім, мен ойынға кіре алмаған болармын.

Анықтама

Қазақстан – Финляндия – 0:1 

Гол: Оливер Антман 78

Ескертулер: Максим Самородов 60, Ислам Чесноков 87

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Марадонаның сүйегін қайта қазып алатын болды
Бүгін, 17:13

Марадонаның сүйегін қайта қазып алатын болды

Диего Марадона 60 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болған болатын
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар ойынында финалда Қазақстан Қырғызстан құрамасын жеңген
Оның артында жары мен үш баласы қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →