×

Дзюдодан Азия ойындарының жеребесі тартылды. Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадиннің қарсыластары кім?

Ерлер арасында 60 келіде күресетін Мағжан Шамшадин ертең жарыс жолын бастайды

Дзюдодан Азия ойындарының жеребесі тартылды. Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадиннің қарсыластары кім?
Фото Сали Сабиров

Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған ХІХ жазғы Азия ойындарынада дзюдо күресінен жеребе тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлер арасында 60 келіде күресетін Мағжан Шамшадин ертең жарыс жолын бастайды. Ол алдымен ауған балуанымен кездеседі. Оны жеңсе, биыл әлем чемпионатында екінші орын алған өзбек Дилшобек Баратовпен жолығуы ықтимал.

Ғұсман Қырғызбае(66 келі) бірінші айналымда бос. Одан кейін Бутан немесе Ливан дзюдошыларының бірімен жолығады. Бұл топта өзбек Сардор Нуриллаев, 2022 жылғы Азия чемпионы, моңғол Басхуу Ёндонпэрэнлэйн бар.

Данияр Шамшаев (73 келі) алғашқы айналымда бос. Сосын Йемен және Гонгонг спортшыларының жеңгенімен кездеседі. Ширек финалда бес дүркін әлем чемпионы жапон Соити Хасимотомен кездесе алады.

Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Гонгонг балуанына қарсылас атанды.

Дидар Хамза (90 келі) бірінші кезеңде бос. Одан кейін Филмппин және Ирак балуанының мықтысымен жолығады. Бұд топта өзбекстандық, 2022 жылғы әлем чемпионы Давлат Бобонов бар.

Нұрлыхан Шархан (100келі) бірінші кезекте Бахрейн балуаны тұр. Сосын жапонмен жолығуы мүмкін.

“Қазақстан барысы” атанған Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) Непал балуанына түсті. Оны жеңсе, өзбекстандық Әлішер Юсуповпен кездеседі.

Қыздардан Абиба Әбужақынова (48 келі) алғашқы айналымдарда жеребе жеңіл түсті. Ол Филиппин балауанына қарсылас атанды.

Ғалия Тыныбаеваның (52 келі) қарсыласы қытайлық татами иесі.

Севара Нышанбаева (57 келі) тәжік балуанымен, Эсмигюль Куюлова (63 келі) моңғол спортшысымен, Анастасия Маякова (70 келі) ирандықпен, Аруна Жанкелдина (78 келі) Йемен, Камила Берліқаш (+78 келі) Моңғолия дзюдошымен жолығады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады
06.05.2024ж. 13:34

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →