×

Қытайлық спортшыны өз жерінде ұтқым келген - Аян Тұрсын көз жасына ерік берді

Қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар

Қытайлық спортшыны өз жерінде ұтқым келген - Аян Тұрсын көз жасына ерік берді
Qaz365.kz

Кейбір жеңілістер ауыр тиіп жатады. Мысалы,  ушу-саньдадан әйелдер арасында 51 келіде бақ сынаған Аян Тұрсын жартылай финалда жеңіліс тауып, қола жүлдеге ие болды. Бірақ спортшыға қытайлық атлетке есе жібергені ауыр тиген.  Qaz365.kz тілшісі Аян Тұрсынмен тілдесті. 

«Қытайлық спортшыдан ұтылып қалғаныма  Қарсыласым әлем чемпионы, дәрежесі жоғары екені көрініп тұр. Бірақ соған қарамастан оны өз жерінде ұтқым келген. Азия ойындарында алтын алу арманым еді», - дейді спортшы.

Қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар. Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.

Жарыстан Аянмен жеке сұхбат құрдық. 0л 1994 жылы дүниеге келген. Жалғыз ушу ғана емес, басқа да спорт түрлерімен айналысады.

- Көпшілік ушу туралы білмейді. Осы спорт түрін қысқаша таныстырып өтсең?

- Қолымызға қолғап киеміз. Жекпе-жек кезінде лақтыруға болады. Қол мен де аяқпен де жұмыс істейміз. Екі минуттан екі раунд беріледі. Егер бір раунд ұтылып, екіншісінде жеңсең немесе керсінше болса, онда қосымша үшінші раунд беріледі. 

- Аян, өзің қай жақтың тумасысың?

- Алматы облысы, Шелек ауданының тумасымын. 

- Спортқа қалай келдің?

- 10 жасымда таеквондомен айналыстым. Алматының Шаңырақ ықшам ауданында спорт мектебінде оқығанмын. 

- Ушуды қашан бастадың?

- 2016 жылы алғашқы жарысыма қатыстым. Бір жылдан кейін әлем чемпионатында үшінші орын алдым. Содан кейін араға бірнеше жыл салып, халықаралық арендағы жарысым осы болып тұр.

- Ушудан басқа қандай спорт түрлерімен айналысып жүрсің?

- Менде спорт түрлері көп. Өзімді жан-жақты дамытамын. ММА-мен айналысамын. Ережесіз жекпе-жек бірнеше спорт түрін қамтитынын жақсы білесіздер. Панкратион, қоян-қолтық ұрысқа да қатысым бар.

- Қандай да бір промоутерлік компаниямен келісімшартың бар ма?

- Октагонмен жұмыс істеп жүрмін. Осыған дейін төрт рет жекпе-жекке шығып, бәрін жеңдім.

- «Коронный» әдісіңіз қандай?

- «Стойкада» жұмыс істегенді жақсы көремін. Сондықтан айналып тебуді айта аламын. Менің жекпе-жегінді көргендер біледі, шоу жасағанды ұнатамын.

- Октагондағы ерекше есте қалған жекпе-жегің қандай?

- Қырғыз қызы Бақтыгүл Құрманбекова мені жекпе-жекке шақырған. Негізі қарсылас табыла алмайды. Өзі шақырған соң, қызық болды. Үш раундтық жекпе-жек өткіздік. Сөйтіп, жеңіп, қазақ қыздарын қалай сыйлау көрсету керектігін көрсетіп жібергенмін.

- Одан кейін «вызов» тастап жатқандар бар ма?

- Қырғыз қызынан кейін ешкім болмай тұр.

- Бәрі қорқып жүр ме?

- Білмеймін. Негізі қыркүйек айында сегіз бұрышқа шығуым керек болған. Бірақ қарсылас табылмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →