18 жастағы шымкенттік спортшы 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Зухра Иранзарова нысана көздеуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
18 жастағы шымкенттік спортшы 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Жие Ри мен Оксим Паектің еншісінде кетті.
Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Иранзарова 6-шы, Александар Садуақасова 7-сатыға тұрақтады.
Апалы-сіңілі Фатима мен Зухра алтын мен күміс сыйлады
Шымкенттің 18 жастағы қызы Зухара Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында топ жарды.
Нысана көздеу, 10 метр
Сосын командалық сайыстан күміс жүлде түсті. Мұнда апалы-сіңілілер біргіп өнер көрсетті. Зухра Ирназарова мен
Фатима Ирназарова және Александра Сәдуақасова бар.
Есіңізге сала кетейік, Зухра Ирназарова биыл тамызда Әзірбайжан астанасында өткен нысана көздеуден әлем чемпионатында осы бағдарламада алтыннан алқа таққан.
Sport Qory және “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорының қолдауымен