×

Төрешілер бұрмаламау үшін Қытай қазағын бірінші раундта құлатуға тура келді – Баходир Жалолов

Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды

Төрешілер бұрмаламау үшін Қытай қазағын бірінші раундта құлатуға тура келді – Баходир Жалолов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалда аса ауыр салмақтағы өзбек алыбы Баходир Жалолов Қытайдағы этникалық Байқоңыс Данабекті нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Жалолов шыға салысымен, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Видеоны көре аласыз

Сөйтіп, өзбек боксшысы Азия ойындарының финалына шықты. Сонымен қатар Париж Олимпиадасына жолдама алды.

«Аллаға шүкір, жеңіске жеттім. Бапкерлер штабына алғыс білдіремін. Бірінші раундта қалай жұмыс істеу керектігін өз нұсқауларын берген болатын. Қуануға әлі ерте. Өйткені финал бар. Сол кезде жеңіске жетсем, қуанамын. Осында чемпион болу үшін келдім. Соңғы қадам қалды. Қарсыласым Байқоныс Данабекті бұрыннан білемін. Ташкентте екеуіміз спаррингтік кездесау өткізгенбіз. Бірақ бірінші раундта нокаут болады деп күтпедім. Үш раундқа созылатын шығар деп ойлағанмын. Рингке ешқашан нокаут үшін шықпаймын», - дейді Баходир Жалолов.

Тілшілер боксшыдан бірден қатты соққылар жасап, нокаутқа жіберуге тырыспайтынын, бірақ бұл жолы кездесуді ерте аяқтауға не себеп болғанын сұрады.

«Негізі мерзімінен бұрын аяқтаймын деген ешқандай мақсатым болған жоқ. Алайда жағдайды көріп тұрсыздар. Жеңісті жұлып алмасаң, төрешілер бұра тартып кетіп жатқан жекпе-жектер көп. Сол себепті бірінші раундта мәселені шешіп тастауға, осы мәселеге нүкте қоюға тырыстым», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →