×

Аллаға шексіз мадақ, жеңісімді Қазақ еліне арнаймын – джиу-джитсудан Азия чемпионы

Спортшы қарсыластардың бәрі мықты болғанын айтады

Аллаға шексіз мадақ, жеңісімді Қазақ еліне арнаймын – джиу-джитсудан Азия чемпионы
Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын медаль алған Нұржан Батырбеков өзін қолдаған барша жанкүйеріне алғысын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

«Осындай жарысқа қатысқаныма, ең біріншіден, Аллаға шексіз мадақ. Одан кейін отбасыма көп рақмет! Әрдайым жәрдем беріп, осы күнге дейін қолдап келе жатыр. Менің жеке бапкерім Аманжан Рузахунов мені осындай жетістіктерге жеткізіп, осы жолды мені тәрбиеледі. Алтын медальді бүкіл қазақ еліне арнаймын! Осы медаль керек болған. Алтын медаль қазақ еліне керек еді. Баршаңызға рақмет!» - дейді спортшы.

Спортшы қарсыластардың бәрі мықты болғанын айтады.

«Бірінші қарсыласым Сауд Арабиясы елінен, екіншісі Тәжікстаннан, үшіншісі Оңтүстік Кореядан болды. Финалда БАӘ спортшысымен кездестім. Бәрі өз елдерінен келген мықты болды», - дейді ол.

Джиу-джитсудан 69 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері, 21 жастағы Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі  дүркін Азия чемпионы Мохамед Алсувайдиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті тартып алды. Бұған дейін Нұржан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түскен. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.
Осы салмақтағы тағы бір ұлттық құрама өкілі Алдияр Серік Ноа Лимді (Сингапур) жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ертеректе 19 жастағы Серік іріктеуде Оңтүстік Корея, Филиппин, Біріккен Араб Әмірлігінің джиу-джитсу шеберінен басым түскен, алайда жартылай финалда тағы бір БАӘ-нің атлеті Мұхаммед әл Суваидиға қосымша көрсеткіш бойынша есе жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →