×

Қазақша таза сөйлейтін Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды

Ал ерлер арасында каратэнің кумите бағдарламасында сынға түскен Данияр Юлдашев күміс жүлде алды

Қазақша таза сөйлейтін Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден 68 келіден жоғары салмақта топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол финалда непалдық Арика Гурунгті 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Сөйтіп, Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды.

Отандасымыз ХІХ жазғы ойындарды ширек финалдан бастап, Жуд Олдрусты (Иордания) сенімді жеңген. Сосын жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті.

Айта кетейік, Софья Берульцева қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ол кішкентайынан қазақ балабақшасына барып, кейін мемлекеттік тілді үйрену үшін репетитор да жалдаған. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Ал ерлер арасында каратэнің кумите бағдарламасында сынға түскен Данияр Юлдашев күміс жүлде алды. Отандасымыз 84 келіге дейінгі салмақта финалда есе жіберді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →