×

Қазақстан Азия ойындарын нешінші орынмен аяқтағаны белгілі болды

Қазақстан намысын қорғаған спортшылар 80 медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия ойындарын нешінші орынмен аяқтағаны белгілі болды
instagram.com/prosports_kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары ХІХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Жүлденің саны жөнінен алғашқы бестікте. Бірақ алтын саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда екі есеге төмендеп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан намысын қорғаған спортшылар 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль бар. Қоланың саны жөнінен рекорд жаңарттық. Бұрын ең көбі 2018 жылы болған (44 қола).

Жалпы командалық есепте отандастарымыз алғашқы рет ондықтан түсіп қалды. Бұл жолы 11-орынға тұрақтады. Қазақстан 2018 жылға дейін алғашқы бестіктен түспеген. Соңғы екі Азия ойындары 9 және 11 орынмен аяқтап отыр.

1. Қытай – 201-111-71 (383)
2. Жапония – 52-67-69 (188)
3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)
4. Үндістан – 28-38-41 (107)
5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)
6. Қытайлық Тайпэй – 19-20-28 (67)
7. Иран – 13-21-20 (54)
8. Таиланд – 12-14-32 (58)
9. Бахрейн – 12-3-5 (20)
10. Солтүстік Корея – 11-18-10 (39)

11. Қазақстан – 10-22-48 (80).

Әр жылдардағы көрсеткіш:

Азиада-2023 (Ханчжоу) – 10-20-48 (80), 11-орын

Азиада-2018 (Джакарта – Палембанг) – 15-17-44 (76), 9-орын

Азиада-2014 (Инчхон) – 28-23-33 (84), 4-орын

Азиада-2010 (Гуанчжоу) – 18-23-38 (79), 5-орын

Азиада-2006 (Доха) – 23-20-42 (85), 4-орын

Азиада-2002 (Пусан) – 20-26-30 (76), 4-орын

Азиада-1998 (Бангкок) – 24-24-30 (78), 5-орын

Азиада-1994 (Хиросима) – 27-25-27 (79), 4-орын. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →