×

Капитан Қазақстанның маңызды ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Асхат Тағыберген аяғын сындырып алды

Кеше Асхат "Ордабасымен" Қазақстан чемпионы атанды

Капитан Қазақстанның маңызды ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Асхат Тағыберген аяғын сындырып алды
Qaz365.kz коллажы

Қазақстан құрамасы мен Шымкенттің «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Асхат Тағыберген «Шахтермен» ойында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дереккөздердің хабарлауынша, 33 жастағы футболшының аяғы сынған. Ол екінші таймда жарақат алып, ойынды соңына дейін жалғастыра алмады. Капитанды Еркебұлан Тұңғышбаев алмастырды.

Футболшы 17 және 21 қарашада өтетін Еуро – 2024 іріктеу кезеңі аясындағы соңғы ойындарға қатыса алмауы мүмкін. Қазақстан Сан-Марино және Словениямен ойнайды.

Кеше премьер-лиганың 25-турында «Ордабасы» Қарағандының «Шахтер» клубын 3:1 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды.

Асхат Тағыберген Қазақстанда осымен бесінші рет топ жарып отыр. Бұған дейін «Ақтөбе» (2013), «Астана» (2016, 2017) және «Тобылмен» (2021) чемпиондық кубокқа қол жеткізген. 

Ол сонымен қатар алғаш рет Ференц Пушкаш атындағы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) сыйлығының «Жылдың үздік голы» номинациясына үміткер атанды. Отандасымыз бұл голды 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде 23 наурыз күні өткен Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы ойында соқты. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →