×

Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иеленді

Месси сегізінші рет жылдың үздігі атанды

Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иеленді

Бүгін Франция астанасы Париж қаласында футболдан 2023 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімі өтті. Жылдағы дәстүр бойынша «France Football» журналы футболдан әлем үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай марапатқа ие болу үшін футболшылардың 2022 жылғы 31 тамыз және 2023 жылғы 31 тамыз аралығындағы табыстары назарға алынып отыр. Үздік ойыншыны анықтауға FIFA рейтингі бойынша алғашқы 100 орында тұрған елдердің журналистері дауыс беруге мүмкіндік алды.

Нәтижесінде 2023 жылғы «Алтын доп» Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге табысталды. Ол осымен сегізінші рет жылдың үздігі атанып отыр. Сөйтіп, өзінің жеке рекордын жаңартты. Ал Криштиану Роналдуда бес «Алтын доп» бар.

Екінші орынға Норвегия құрамасы мен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд тұрақтаса, үздік үштікті Франция құрамасы мен ПСЖ клубының ойыншысы Килиан Мбаппе түйіндеді. 

Лионель Месси – былтыр жылдың соңында Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанған. Ал Эрлинг Холанд – Англия премьер-лигасында, Чемпиондар лигасында топ жарды. Екі турнирдің үздік сұрмергені болды. 

 Сонымен қатар кеште басқа да жүлделер табысталды:

  • Раймон Копа атындағы сыйлық (Ең жас ойыншы) – Джуд Беллингем («Реал Мадрид», Англия);
  • Герд Мюллер атындағы сыйлық (Ең үздік сұрмерген) – Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия);
  • Лев Яшин атындағы сыйлық (Ең үздік қақпашы) - Эмилиано Мартинес  («Астон Вилла», Аргентина);
  • Ең үздік клуб – «Манчестер Сити» (Англия);
  • Әйелдер арасындағы «Алтын доп» жүлдесінің иесі - Айтана Бонмати («Барселона», Испания).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →