×

Колумбиялықтар қазақтың тоғызқұмалағын насихаттап, жарыс өткізді

Колумбиядағы қазақтың ұлттық ойыны

Колумбиялықтар қазақтың тоғызқұмалағын насихаттап, жарыс өткізді

Колумбияның Сантандер де Киличао қаласында тоғызқұмалақтан мектепішілік шеберлік сабақтары мен насихаттау жұмыстары өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жұмысты тоғызқұмалақтан 2022 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері  Оскар Фахардо (Колумбия) өз қолына алған. Келесі жылы Астанада дүниежүзілік Көшпенділер ойыны болады. Соған Колумбиядан команда қатысады.

«2008 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Содан бері әлемнің түрлі аймақтарында тоғызқұмалақты насихаттап, дамыту жолындамыз. Сол елдердегі тоғызқұмалаққа жанашыр азаматтарды тауып, олар өз қайраткерлігімен әр деңгейде көрініп, әлемнің әр аймағында тоғызқұмалақпен айналысып жүр. Солардың бірі колумбиялық Оскар Фахардо деген азамат. Оның қажырлы еңбегінің арқасында биыл тұңғыш рет өткен оқушылар арасындағы Әлем чемпионатында Колумбия командасының өкілдері екі рет жүлдегер атанды. Оларды Герман Гонзалез деген азамат бастап келген. Осындай ірі шаралар өткізілді», - дейді тоғыз Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов

Ол жалпы мұндай біраз азаматтар әлемнің әр түкпірінде бар деп отыр. Екінші бағыт, зияткерлік ойындар кіретін әлемге танымал сайттарда тоғызқұмалақтың болуы екен.

«Алғашқыда www.iggamecenter.com сайтында болып еді, қазір www.playok.com сайтына ауысты. Сол арқылы өз бетімен сол сайттарға кіріп, мыңдаған адам тоғызқұмалақ ойнап жүр», - дейді федерация басшысы.

Ұлттық ойынымызды насихатта вертуалды әлемде де қарқынды жүргізіліп жатыр. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Серік Ақтаев Колумбия халқының тоғызқұмалаққа деген қызығушылығын ерекше атап өтті.

«Екі жылда бір ұйымдастырылатын ересектер арасындағы әлем чемпионаты, жылда өтетін халықаралық жарыстарға қатысушы елдер саны артып келеді. 2023 жылдың наурыз айында Колумбияның Кали қаласында халықаралық турнир өтіп, жергілікті тоғызқұмалақ сүйер ойыншылар мен жанашырлар шараға қатысып шеберлігін арттырды. Ұлттық ойынымызға деген жергілікті халықтың қызығушылығы мен ойынға сұраныс керемет. Қазір Оскар Фахардо мен Герман Гонзалез бірнеше қалаларда мектеп оқушыларын үйретіп, жарыстар ұйымдастыруда», - дейді Серік Ақтаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жағдай оңай емес». Ресейлік маман Черчесов туралы айтты
Бүгін, 14:55

«Жағдай оңай емес». Ресейлік маман Черчесов туралы айтты

Қазір Қазақстан В лигасының 3-тобында соңғы орында тұр
Бұл турнирді өткізу құқығына Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған
Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →