×

Атақты қазақ боксшысы жоғалып кетті

Әлеуметтік желіде іздеу жарияланды

Атақты қазақ боксшысы жоғалып кетті
Жеке мұрағаттан

Кешегі Кеңес кезеңінде жойқын соққысымен, айла-тәсілімен талайды таңғалдырған былғары қолғап шебері Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде іздеу жарияланды. Боксшы 14 желтоқсанда шығып кеткен. Содан бері хабарсыз. Ол Алматы қаласының Медеу ауданында жоғалған. 

Айта кетейік, өткен ғасырдың 80-жылдары «Шаршы алаңның профессоры» атанған боксшы біраз жетістікке жетті. Ол КСРО чемпионатында ең көп медаль (7 – 3 алтын, 2 күміс пен 2 қола) иеленген. 1983 жылы Болгария мемлекетінің Варна қаласында өткен Еуропа чемпионатында топ жарған. Осы жылы Италияда өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері, 1984 жылы Куба мемлекетінің Гана қаласында өткен «Дружба-84» халықаралық жарысының күміс жүлдегері болған.

Серік Нұрқазов 64 жаста.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →