Сөйтіп, Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз осыған дейін әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен өзара 9 рет кездесіп, соның алтауында белоруссиялық теннисші басым түскен. Бұл жолы есесін жақсылап қайтарды. Бірінші сетте бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Одан кейін екінші сет 6:3 есебімен аяқталды.
Сөйтіп, Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды.
Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары:
1/16 финал: Оливия Гадеки (Австралия) – 6:4, 6:1.
1/8 финал: Элисе Мертенс (Бельгия) – 6:1, 6:0.
1/4 финал: Анастасия Потапова (Ресей) – 6:1, бас тартты.
1/2 финал: Линда Носкова (Чехич) – 6:3, 6:2.
Финал: Арина Соболенко (Беларусь) – 6:0, 6:3.
Осы жеңісі үшін ол 220 000 мың доллар (100 миллион теңге) алады.