×

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанға бір үйір жылқы сыйға берілді

Чемпионға Ақтөбе жұртшылығы ерекше қошемет көрсетті

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанға бір үйір жылқы сыйға берілді
Фото: almaty.tv

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанға Ақтөбе жұртшылығы ерекше қошемет көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жылқы қазақтың рухы екені баршаға мәлім. Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «Тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. 

Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-та қолдан жасалған ер-тоқымды тарту етті. Үнемі балуандарға қолдау жасап жүрген Марат Жанғозиннің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында Ризабек Айтмұхан облыс әкімі Асхат Шахаров пен  бірқатар лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, ақ тілек, батасын алды.

Еске салайық, күрес жанашыры Марат Жанғозин бұған дейін де Белград (Сербия) төрінде еркін күрес балуандарына ақ дастарқанын жайып, Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұханға қомақты қаржы табыстаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →