×

Көпшіліктің ашуын тудырды: Енді легионер-футболшылар Қазақстанда шектеусіз ойнай береді

Шетелдік футболшыларға қойылған лимит алынып тасталды

Көпшіліктің ашуын тудырды: Енді легионер-футболшылар Қазақстанда шектеусіз ойнай береді
Фото: qazaqsporty.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов елімізде шетелдік футболшыларға қойылған лимит алынып тасталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірнеше жыл премьер-лигада алаңдағы 11 футболшының алтауы легионер, қалған төртеуі қазақстандық болуға рұқсат еткен. Сосын легионер санын жетеуге дейін көбейтті. Оған Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің футболшылары елімізде легионер болып саналмайды деген қосылды. Былайша айтқанда, жеті легионерден бөлек, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан фуболшыларын шығарып қойсаң да болатын. Тіпті, ондай жағдай тіркелген. «Атырау» клубы Қазақстан кубогының бір ойынында солай істеген. Енді жағдай тағы өзгерді. Тіпті, алаңда 11 легионер шығаруға болады. Әйтеуір, команда құрамындағы 25 ойыншының 13-і Қазақстан футболының түлегі болуы жайлы басты шарт сақталады.  Мұның пайдасы бола ма, жоқ па? Барлығы уақыт еншісінде. Көпшілікті ұлттық құраманың жағдайы мазалайды.

«Соңғы он бес жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперименттер жүргізілді. Алайда бұл шешімдердің ауыз толтырып айтар нәтиже бермегенін өздеріңіз жақсы білесіз. Сондықтан біз соңғы екі жылда сараптама жүргізіп, келесі ережені қабылдауға бел будық. Бұл бастама ел футболындағы бәсекелестікті жоғарылатып, сапасы жоғарылайды, сондай-ақ «көлеңкелі жүйенің»жолы жабылып, стадиондар жөнделіп, жанкүйерлер санының артуына сеп болады», – дейді Әділет Барменқұлов. 

ҚФФ президентінің кеңесшісі, комментатор Ермұхамед Мәулен есесіне,  бірінші лигада легионер болмайды. Төменгі топта тек өзіміздің жігіттер ойнайды деп сендірді.

«ҚФФ шешімімен футболдан Қазақстан Бірінші лигасында енді легионер ойыншы ойнауға тыйым салынады. Осыған дейін 3 легионер ойнауға рұқсат болған. Сонымен қатар, Еуразиялық Ынтымақтастық Одақ ойыншылары да Бірінші лига клубы сапында алаңға шықпайды. Өздеріңіз білесіздер, Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстан футболшылары біздің елде легионер болып саналмаған еді. Демек, бұл лигада тек отандық футболшылар ғана болады деген сөз. Керемет шешім!» – дейді Ермұхамед Мәулен.


Ал журналист Аслан Қаженов бұған наразы. Ол Мәжілісте депутат Нартай Аралбайұлы легионерлерге қатысты мәселемен шырылдап жүргенін айтты.

«Бүгін легионерлерге шектеудің алынуы қызу талқыланып жатыр. Яғни, бұдан былай жасыл алаңда қаракөздер азайып, келімсектер көбейеді. Сәйкесінше, онсыз да ауаға ұшып жатқан қыруар қаржы енді еселеп артады деген сөз. Айналып келгенде, бұл – сіз бен біздің ақшамыз. Яғни, мемлекеттен бөлінетін ақша. Қазақстан деген елден шығып, басқа елге кететін ақша. Бастаманы қолдап жатқандар да бар. Менің ойымша, олар – сатқындар. Қазақ спортының сатқындары, қазақ елінің сатқындары. Өйткені, ешқашан бүкіл халықтың мүддесін қайдағы жоқ келімсектерден жоғары қоюға болмайды. Қысқасы, мәселеге тереңірек үңіліп, шешімін іздей бастадым. Сөйтсем, оны Нартай Аралбайұлы осыдан 2 ай бұрын айтып тастаған. Парламент қабырғасында легионерлерге арнайы тоқталып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Ол жерде бюджет есебінен айлық төлеуді тоқтату керектігі айтылады. «Неге біз қазынадан шетелдік спортшыны асырауымыз керек? Спорттық клубтар легионер шақыра ма, оның жалақысын демеушілердің есебінен төлесін», – дейді. Қарапайым тілмен айтқанда, қолданыстағы заңға бір ғана сөйлем қосса жеткілікті. Яғни, легионерлер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмауы қажет», – дейді журналист.

Ол  осы 5 сөздің өзі отандық футболды, жалпы отандық спортты майшелпекке айналдырғысы келіп жүргендерге шах және мат қояды. Өйткені, спорттың басы-қасындағылар заңды бұзып тұрып, тәуекелге бара алмайды деп отыр.

«Ондай қадамға барса, заңмен жазаланады. Қазір қолданыста ондай тетік жоқ. Сосын ғой бәрі білгенін істеп жүргені. Ашығын айту керек, бұл қадам қалтасын қампайтуды ғана ойлап, арам ойларын іске асырып отырғандарға ұнамайды. Ертең заңда өзгеріс енгізуге қарсылар көбееді. Мүдделер соғысы басталады. Қалай болғанда да, оған жол бермеуміз керек. Елдің есесі кетпеуі тиіс», – дейді Аслан Қаженов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →