×

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
prosports.kz

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен секіру спортынан АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі кезеңнің қосындысында қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті.

Басқа қазақстандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

100 мың АҚШ доллары: Чемпиондардың аналары да марапатталды
31.05.2023ж. 23:16

100 мың АҚШ доллары: Чемпиондардың аналары да марапатталды

Құрамамыздың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті
Рыбакинаның қарсыласы чехиялық 16 жастағы теннисші Бренда Фругвиртова болады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →